Ақан сері (Ақжігіт Қорамсаұлы)

18 июня 2012 - Администратор

Ақан сері (Ақжігіт Қорамсаұлы)
(1843 – 1913)

   Ақын, әнші, сазгер. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Кенащы ауылында тұрмысы орташа отбасында дүниеге келген. 13 жасында Петропавл қаласына медресеге оқуға түседі. Өнерге деген қабілеті жас кезінен таныла бастайды. Сегіз қырлы өнерпаздығы үшін ел арасында «Ақан сері» атанады. Маңына өзі сияқты өнерпаз жастарды жинап, ел аралап, ән салады. Сәнді киініп, жүйрік ат мініп, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап, серілік құрады.
   Өмірінде көп қиындық көріп, қайғы шекті. Өмір жолының басында сүйікті қызы Ақтоқты сұлудан айрылды. Есейген шағында тұлпары Құлагердің жау қолынан мерт болуы серіні қатты күйзелтті. Өмірінің соңғы жылдары пендешілік өмірден безіп, тазылармен және құстармен аңшылыққа беріліп, жалғыз өмір кешеді.
   Ол әншілік өнерде атақты Біржан салды аға тұтып, ұстаз санады. Балуан Шолақ, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты әнші-композиторлар оның өнер жолындағы ең жақын достары болды. Ақан сері қазақтың ұлттық өнерін кәсіби деңгейге көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады.
Қазақ мәдениеті мен өнерінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық музыкалық-поэтикалық шығармасы енді. Оның «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет» және т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетумен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттейді. Махаббат тақырыбы «Еркем», «Әй көк», «Көкшетау биігі» әндерінде де жырланады. Ақан серінің шығыс сарынында (Омар Хайямға еліктеген) өлеңдері махаббат мұңына арналған.
   «Көкжендет», «Қараторғай», «Маңмаңгер» әндері ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған. Ақан серінің кейбір әндерінде ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан серінің басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. «Құлагер» - ақынның ең маңызды шығармасы. Өлең сүйікті сәйгүлігінің жау қолынан мерт болуына арналған. Ол ауыр сезімге, өкінішке, қайғыға толы. Ақан серінің шығармалары Ә.Қашаубаев, Ж.Елебекова, М.Ержанова, Ж.Карменова және т.б. атақты әншілердің орындауында қазақ халқының құнды музыкалық игілігіне айналды.
Сондай-ақ Ақан сері «Шоғырмаққа», «Сұрағанға», «Смағұлға», «Замана адамына» атты сатиралық шығармалардың авторы, бұл шығармаларында ақын ел билеген әкімдерді сықақ етеді.
   Ақан сері көрнекті айтыс ақыны да болған. Белгілі Орынбай, Нұрбай, Нұрқожа т.б. ақындармен айтысқан.
Ақан серінің жарқын өмірі мен трагедиялық тағдыры халық тарихында өшпес із қалдырды, көптеген ақындар мен жазушылардың тақырыбына арқау болды. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасы, Қ.Мұхамеджановтың (проверить) осы аттас пьесасы, С.Жүнісовтің «Ақан сері» романы Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына арналған.
Ақынның «Құлагер», «Балқадиша» әндері Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Мақпал», «Сырымбет» операларында; Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасында пайдаланылды. Д.Мануцунин және С.Мұхамеджанов «Балқадиша» әнінің тақырыбына «Вариациялар» жазған.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:


Ақан сері: өлеңдері, нақыл сөздері, әзіл-сықақ қағытпалары, айтыстары / Құраст. К.Салықов.- Астана: Фолиант, 2008. - 208 бет.

Шығармаларының жинақтарда жариялануы:


   Ақан сері. Торыны таң асырып мінген қандай; Біздің көңіл қайда жатыр; Сүйген жардан айрылдым; Ұзатылайын деп жатқан қызға; Қыз сипаты; Жайықтың ақ түлкісі аралдағы; Сүйген қалқа; Көңіл тілегі; Көңіл сыры; Ұрқияға айтқан аужары; Адамның біліміне ақыл серік; Айтамын замандасқа біраз кеңес; Әйелдер сипаты; Жігіт сипаты; Жастық шақтар; Кәрілік; Заманға қарап; Достарыма; Жігіттерге; Құлагер // Жеті ғасыр жырлайды: XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 2 т. – Алматы: Жазушы, 2004 . – 95–117 бет.
Ақан сері Қорамсаұлы. Таңдамалы шығармалары // XIX ғасыр әдебиеті: хрестоматия . – 6 кіт. – Алматы: Ана тілі, 1992 . – 165 – 177 б.
Ақан сері Қорамсаұлы Таңдамалы шығармалары // XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы . – ҚазССР Ғылым академиясының баспасы, 1962 . – 250 – 282 б.
   Қожамбет пен Ақан сері: айтыс; Ақан сері мен Орынбай: айтыс; Ақан сері, Бекәлі және Сүлеймен молда: айтыс // Айтыс. 1т. – Алматы, 1988 . – 248 – 249 бет.
   Қорамсаұлы, Ақан сері. Торыны таң асырып мінген қандай; Біздің көңіл қайда жатыр; Сүйген жардан айрылдым; Ұзатылайын деп жатқан қызға; Қыз сипаты; Жайықтың ақ түлкісі аралдағы; Сүйген қалқа; Көңіл тілегі; Көңіл сыры; Ұрқияға айтқан аужары; Адамның біліміне ақыл серік; Айтамын замандасқа біраз кеңес; Әйелдер сипаты; Жігіт сипаты; Жастық шақтар; Кәрілік; Заманға қарап; Достарыма; Жігіттерге; Мылтық пен мергеншілік; Құлагер // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 2 т. – Алматы: Жазушы, 1989 . – 143 –164 бет.
  Қорамсаұлы, Ақан сері. Торыны таң асырып мінген қандай; Біздің көңіл қайда жатыр; Сүйген жардан айрылдым; Ұзатылайын деп жатқан қызға; Қыз сипаты; Жайықтың ақ түлкісі аралдағы; Сүйген қалқа; Көңіл тілегі; Көңіл сыры; Ұрқияға айтқан аужары; Адамның біліміне ақыл серік; Айтамын замандасқа біраз кеңес; Әйелдер сипаты; Жігіт сипаты; Жастық шақтар; Кәрілік; Заманға қарап; Достарыма; Жігіттерге; Мылтық пен мергеншілік; Құлагер // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 2 т. – Алматы: Жазушы, 1984 . – 307 –332 бет.
   Ахан-серэ // О.Назарова, В. Литвиненко. Казахская литература: уч.-хрестоматия. Ч.1 – Астана: Фолиант, 2007 . – С.299-302.
Ахан-серэ. Час испытания; Орел и белая лиса; Как здорово!; На смерть Кулагера/ Ахан-серэ // Поэты пяти веков.- А.: Жазушы, 1993. – С.164 – 169.
Карамсин, Ахан-сере. Час испытания; Где лежит?; Орел и белая лиса; Белое платье; Как здорово!; На смерть Кулагера / Ахан-сэрэ Карамсин // Антология казахской поэзии . – М.: Гос.изд.худ.лит.,1958 . – С.184-189.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Ақан сері // Мұхтар Әуезов: энциклопедия . – Алматы: Атамұра, 2011 . – 58 б.
Ақан сері // Қаз дауысты Қазыбек би: энциклопедия . – Қарағанды: Болашақ баспа, 2011 . – 93-94 б.
Ақан сері // Шәкәрім: энциклопедия . – Семей, 2008 . – 56 б.
Ақан Қорамсаұлы // Қазақ әдебиеті тарихы: XIX асырдың 2-ші жартысы (1850 – 1900). 5т. – Алматы: ҚазАқпарат, 2006 . – 333–354 б.
Ақан сері Қорамсаұлы // Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы . – Алматы: Санат, 2006 . – 738-766 б.
Ақан сері // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық . – Алматы: Аруна, 2005 . – 24 б.
Ақан сері //Қазақстан: ұлттық энциклопедия . – Алматы: Ұлттық энциклопедия, 1998 . – 167-169 б.
Ақан сері Қорамсаұлы // Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы . – Алматы: Санат, 1997 . – 762-791 б.
Ақан сері // Е. Ысмаилов. Әдебиет жайлы ойлар (Ақындық өнер мен ақындар туралы) . – А.: Жазушы, 1968 . – 161 – 177 б.
Ақан сері // А. Жұбанов. Замана бұлбұлдары . – А.: Қаз.мем.көркем әдебиет баспасы, 1963 . – 55 – 76 б.
Жұмабаев, М. Ақан сері /М. Жұмабаев // Мағжан . – 2009 . - №2 (8) . – 3-21 б.
Мырзахметұлы, Е. Ақан серінің сырлы сөздері (Ақжігіт Қорамсаұлы туралы) / Е. Мырзахметұлы // Жаңа Сарыарқа . – 2005 . - №1 . – 62 – 66 б.
Мырзахметұлы, Е. Ақан серінің сырлы сөздері (Ақжігіт Қорамсаұлы туралы) / Е. Мырзахметұлы // Жаңа Сарыарқа . – 2005 . - №2 . – 48 – 51 б.
Ордалиева, Ж., Қожахметова, М. Ақан сері // Солтүстік Қазақстан облысы: энциклопедия (облыстың 70-жылдығына арналады) . – Алматы: Арыс, 2006 . – 129-131 бет.
Салықов, К. Даламыздың дүлділі, әннің бұлбылы: Ақан сері туралы / К.Салықов // Солтүстік Қазақстан . – 2008 . – 31 қазан . - 4 – 5 б.
Жолдасбеков М. Ақан Сері өмірінің ақиқаты // Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 2 тамыз. – 5 б.
Акан-сери // Литература Казахстана: энциклопедический справочник . – Алматы: Аруна, Қазығұрт, 2010 . – С. 36-37.
Ахан сере // Северо-Казахстанская область: энциклопедия. – 2-е изд., доп. – Алматы: Арыс, 2006 . – С. 160-161.
Ахан-серэ //А. Жубанов. Соловьи столетий . – Алматы: Дайк-Пресс, 2002 . – С. 65-87.
Ахан-серэ //В.Миненко, П. Момынов. Краткий курс музыкальной литературы Казахстана: уч.пособие для уч. детских муз. школ. Ч.1 (Казахская народная музыка) . – А.: Жалын, 1978 . – С. 41-42.
Ахан-серэ //А. Жубанов. Соловьи столетий: очерки о народных композиторах . – А.: Жазушы, 1967 . – С.
Кузенный, А. Земля великих предков / А. Кузенный // Казахстанская правда . – 2005 . – 7 апреля . – С. 5.
Сералина, М. Певец родного края /М. Сералина //Знамя труда .–1993. –10 марта.

Ақан сері көркем әдебиетте:


Жансүгіров, І. Құлагер: поэма // І. Жансүгіров. Құлагер . – Алматы: Жазушы, 1994 . – 10 – 78 б.
Жүнісов, С. Ақан сері: роман: 1-і кітап / С. Жүнісов . – Алматы: Жазушы, 2011. – 480 бет.
Жүнісов, С. Ақан сері: роман: 2-і кітап / С. Жүнісов . – Алматы: Жазушы, 2011. – 480 бет.
Жүнісов, С. Ақан сері: роман / С. Жүнісов . – Алматы: Жазушы, 2003 . – 376 бет.
Жүнісов, С. Ақан сері: роман: 1-і кітап / С. Жүнісов . – Алматы: Жазушы, 2002 . – 376 бет.
Жүнісов, С. Ақан сері: роман / С. Жүнісов . – Алматы: Жазушы, 1997 . – 376 бет.

Джансугуров, И. Кулагер // И. Джансугуров. Избранное /пер. с каз. – А.: Жазушы, 1984 . – С. 195-264.
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий