Садуақасов Смағұл

16 августа 2012 - Администратор

 Садуақасов Смағұл
(1900 – 1933)

   Садуақасов Смағұл Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Жарқын ауылында (бұрынғы Көкшетау облысының Ленин ауданы) туған. 1933 жылы Мәскеуде дүниеден өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист.
   Омбы орта ауыл шаруашылық училищесін (1918), Мәскеу көлік инженерлері институтын (1932) бітірген. Еңбек жолын қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Сиқырлы ауылында (1915) мектеп мұғалімі болып бастады. 1918-1919 жж. – Батыс-Сібір кооператорлар одағында нұсқаушы, 1920 жылы – «Кедей дауысы» газетінің редакторы (Омбы). 1920-1921 жж. – Орынбордағы РКЖО Қазақ облыстық комитетінің хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы. 1921-1928 жж. – ҚазақОАК хатшысы, ТүрОАК жанындағы ҚАКСР-дің уәкілетті өкілі, ҚазАКСР-дің Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы, "Еңбекші қазақ" өлкелік газетінің (қазіргі "Егемен Қазақстан") жауапты редакторы. 1925-1927 жж. – ҚАКСР халықтық ағарту комиссары. 1928 ж. – Ташкентте Қазақ педагогикалық институтының ректоры (қазіргі Абай атындағы Қазақ ҰПУ). 1931 ж. – Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында құрылыс учаскесі бастығының орынбасары. 1920-шы жылдары Садуақасов Қазақстанның мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығы идеясын ұстанып, қазақ халқының голощекиндік геноцидке, күштеп ұжымдастыруға, Қазақстанды Орталықтың шикізат шылауына айналдыруға қарсы шықты, сол үшін оның ізіне түсіп, қуғындалды. Садуақасовтың ВКП(б) XIV съезінде сөйлеген сөзі бүкілодақтық пікірталас тудырды.
Қазақ тілінде жазылған «Жастарға – жаңа жол» (1921), «Ұлт театры туралы» (1926), «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» (1927) кітаптарының және басқа да саясат, ауыл шаруашылығы, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих туралы көптеген ғылыми және публицистикалық жұмыстардың авторы.
   Смағұл Садуақасов Тверитиннің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" аудармасына, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Б.Майлин шығармаларының орыс тіліне аудармасына алғысөз жазды. Аяқталмаған "Сәрсенбек" романының, «Салмақбай, Сағындық» (1923), «Күміс қоңырау» (1927) және т.б. повестер мен әңгімелердің авторы.

Естелік орындар
2011 жылы Ақжар ауданының Талшық ауылында Смағұл Садуақасов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.

Библиография
Автордың шығармалары


Садуақасұлы, С. Екі томдық шығармалар жинағы/С. Садуақасұлы; Құраст. Д. Қамзабекұлы.- А.: Алаш, 2003.- .- (Алаш мұрасы)

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Дәрімбетов, Б. Ағып өткен бір жұлдыз/ Б. Дәрімбетов// Дала дидары.- 2003.- 25 қараша.- 3-4 бет.
Жусан, О. Смағұл ұрпағы өзіміз емес пе?/ О. Жусан// Дала дидары.- 1993.- 16 наурыз.- 2 бет.
Қамзабеқұлы, Д. Алаштың ұлы – Смағұл/ Д. Қамзабеқұлы// Жұлдыз.- 1993.- № 4.
Қамзабеқұлы, Д. Өткен күндер, қазіргі хал һәм болашақ/Д. Қамзабеқұлы// Оқжетпес.- 1993.- мамыр.
Қойгелдиев, М. Садуақастың Смағұлы/ М. Қойгелдиев// Ана тілі.- 1993.- 18 шілде.- 4 бет; 25 шілде.- 5 бет.
Рыскелдина, А. Жұртым деп жанын пида еткен/ А. Рыскелдина// Дала дидары.- 2003.- 10 желтоқсан.
Садуақасұлы Смағұл: [Қысқ.биогр.анық.]// Қазақ мәдениеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- А.: «Аруна», 2005.- 533-534 бет.
Садуақасұлы Смағұл: [Қысқ.биогр.анық.]// Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия.- А.: «Арыс», 2006.- 519 бет.
Гора, Н. Оптимистическая трагедия Алаш-Орды/ Г. Гора// Мысль.- 2009.- № 1.- С. 2-6.
Жумат, Ж. Ауэзов и Садуакасов/ Ж. Жумат// Казахстанская правда.- 2008.- 29 февр.
Канапьянов, Б. Смагул Садвакасов/ Б. Канапьянов// Нива.- 2003.- № 7.- С. 131-133.
Культаев, Б. Сын своего народа: [21 января 2011 г. на родину вернули прах Смагула Садвакасова]/ Б. Культаев// Страна и мир.- 2011.- 28 марта.- с. 12.
Муканова, Г. Молодежный лидер Смагул Садвакасов/ Г. Муканова// Проспект СК.- 2010.- 22 янв.- С. 7.
Муканова, Г. Смагул Садвакасов и Абубакир Диваев/ Г. Муканова// Все будет хорошо.- 2011.- 8 сент. – С. 5.
Садуакасов Смагул: [Крат. биогр. справка]/ Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- А.: «Аруна», «Қазығұрт», 2010.- С. 419-420.
Садвакасов Смагул: [Крат. биогр. справка]/ Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.-А.: «Арыс», 2006.- С. 485-486.
Уваисов, Р. Молодость прошедшая в борьбе/ Р. Уваисов// Северный Казахстан.- 2011.- 28 июня.- С. 6

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий