Жұмағали Саин

19 июня 2012 - Администратор

 Жұмағали Саин
(1912-28.051961)

   Ақын, Ұлы Отан соғысына қатысушы, аудармашы.
   Көкшетау облысының Арықбалық ауданына қарасты Искра ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы) дүниеге келген.
  Жетім, 10 жасынан Көкшетау қаласындағы балалар коммунасында тәрбиеленді. Петропавл педагогикалық техникумында (қазіргі М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледж) оқыды. Мәскеу түрлі түсті металдар мен алтын институтының даярлық бөлімін, ҚазПИ-ді бітірді. Қарағанды (Солтүстік Қазақстан) облысында мұғалім, облыстық газетте бөлім меңгерушісі, Қазмемкөркемәдеббас (қазіргі «Жазушы») баспасының редакторы, Қазақстан ЖО балалар мен жастарға арналған секциясының меңгерушісі болып істеді. Ұлы Отан соғысында Украинаның оңтүстігінде партизан отрядының саяси жетекшісі болды. Соғыстан кейін Қазақ Мемлекеттік филармониясының, республикалық Халық шығармашылығы үйінің директоры, «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
"Бақыт жыры" атты алғашқы өлеңдер жинағы ауыл өмірі, еңбек адамдары, жастар тақырыбына арналды. Көп өлеңдері соғыс тақырыбына арналған. "Жорық жылдары" жинағында, "Түн қатады партизан", "Еске алу", "Е.М.Масловаға" өлеңдерінде ақын жауынгер жолдастары – партизандардың қаһармандық ерліктерін, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін жырлайды. Соғыстан кейінгі жылдары қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері туралы публицистикалық және әдеби-сын мақалаларын жазды.
   М.Ю.Лермонтовтың «Герой нашего времени» романын, қырғыздың «Манас» жырының үзінділерін қазақ тіліне аударды.
  Ж. Саинның шығармалары орыс, украин, қырғыз, өзбек тілдеріне аударылған. Алматы, Көкшетау қалаларында көшелер, Ақмола облысының Арықбалық ауданында орта мектеп ақын есімімен аталады.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары


1. Саин Жұмағали. Шығармалар: Үш томдық / Құраст. А. Саин.- А.: Жазушы, 1977- - 1-ші том: Өлеңдер, поэмалар. - 214 бет.,портр.
2. Саин Жұмағали. Шығармалар: Үш томдық / Құраст. А. Саин.- А.: Жазушы, 1977- - 2-ші том: Өлеңдер, поэмалар. - 279 бет.,портр.
3. Саин Жұмағали. Шығармалар: Үш томдық / Құраст. А. Саин.- А.: Жазушы, 1977- - 3-ші том: Повесть пен әңгімелер, очерктер, мақалалар, естеліктер, аударма. - 470 бет.,портр.
4. Саин Жумагали. Избранное: Стихи и поэмы / Сост. А. Шарипова и А. Саин.- Пер. с каз.- А.: Жазушы, 1983.- 160 с
5. Саин Жумагали. Стихи.- А.: Жазушы, 1968.- 64с.
6. Саин Жұмағали. Жорық жолдары: Өлеңдер мен поэмалар.- А.: Жазушы, 1970.- 198 бет.
7. Саин Жұмағали. Самал: Өлеңдер.- А.: Қазмемкөркемәдеббас, 1957.- 102 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


1. Казахстан. Национальная энциклопедия.Т.4.- Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2006.-С.450
2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.Т.7.– Алматы: Бас редакциясы «Қазақ энциклопедиясының», 2005.-Б.517
3. Литература Казахстана. Энциклопедический справочник.– Алматы: Аруна, 2010.-С.420
4. Северо-Казахстанская область. Энциклопедия.– Алматы: Арыс, 2004 г.-С.486
5. Шарипов Адий Шарипович. Творчество Жумагали Саина: Лит. очерки и ст. / Пер. с каз. А. Брагина, Л. Шариповой.- А.: Жазушы, 1968.- 164 с.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий