Жұмағалиев Мұхамедия

19 июня 2012 - Администратор

  Жұмағалиев Мұхамедия
(11.10. 1950)

Чистополье ауданына қарасты Теңдік ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданы) туды.
1974 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді.
Еңбек жолын облыстық «Көкшетау шындығы» газетінде кіші әдеби қызметкер болып бастады.
1974-88 жж. «Жазушы» баспасының редакторы.
1990-93 жж. «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының аға ғылыми редакторы.
1993-96 жж. «Өнер» баспасының редакторы.
1996-2001 жж. «Балауса» баспасының аға редакторы, бас редакторы.
2002 ж. «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының редакторы, бас редакторы.
Армян жазушысы Х.Гулназарянның «Настоящие путешественники» атты әңгімелер жинағын, Л.Кривощековтың, В.Антоновтың, А.Разиевтің, Мен Ден Уктың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Орыс, эстон, қарақалпақ поэзиясының антологияларын аударуға белсене атсалысты.
1975 жылы Ашхабадта өткен VIII бүкілодақтық жас ақындар фестиваліне қатысты.

Автордың шығармалары


«Сырымды айтам».- Алматы: Жазушы. -1977 ж.- 64 б.
«Гүлдәурен». – Алматы: Жазушы. – 1981 ж.- 88 б.
«Қанатым». – Алматы.: Жазушы. – 1983 ж.- 76 б.
«Сағыныш саздары». – Алматы, 1995 ж.
«Бақыты үшін басқаның».- Алматы.- 2000 ж.
«Сәлем айт Көкшетаудың белегіне».- Алматы.- 2001 ж.
Жумагалиев Мухамедия// «Разбег» : Стихи молодых казахских поэтов.- Алматы:Жалын, 1986 г.- с. 59 -69
Жумагалиев Мухамедия//Поэзия. –Жулдыз. - 2009 .- № 8. - с. 205

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет:


Жумагалиев Мухамедия // Северо – Казахстанская область : Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2006 г. – с. 273 -274

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий