Асқаров Ерік Мұхамедхафизұлы

16 августа 2012 - Администратор

 Асқаров Ерік Мұхамедхафизұлы
(10.2.1959 - 1.7.2003)

    Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының Дүйсеке ауылында туған. Ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1989).
М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актерлік студиясын (1978), Алматы мемлекеттік театр және бейнелеу өнері институтының режиссерлік бөлімін бітірген (1983).
   1983-85 жылдары - режиссёр, одан кейін қазақстандық теледидарда редактор. 1985-86 жж. – "Жазушы" баспасында редактор. 1988-91 жж. – Қазақстан жазушылар одағы үйінің директоры. 1991 жылдан бастап Көкшетауда тұрып, Қазақстан Жазушылар одағының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бөлімше хатшысы.
    Көптеген республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (1989), Ленин комсомолы атындағы сыйлықтың (1988), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1990), Халықаралық "Түрік" поэзия фестивалі сыйлығының иегері (2002).
   Асқаровтың кейбір шығармалары «Қарлығаш» (1982), «Жетіген» (1984) өлең жинақтарына енді.
   Асқаров якут жазушысы И.Гоголевтің "Наара Суох" пьесасын" грузин жазушысы Л.Табукашвилидің "Арманымның ақ құсы" атты шығармасын қазақ тіліне аударды.
Оралхан Бөкеевтің "Қар қызы" повесі (1983), С.Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасы (1985) бойынша көркем фильмдер түсірді.

Библиография:
Жеке басылымдары:


1.Асқаров, Е. Астана жұртын айналсам: Өлеңдер, поэмалар, айтыстар.- Астана: Елорда, 1999.- 242 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


1.Әбіл, Қ. «Жүз жасаған секілдімін кейде мен...»/ Қ. Әбіл.// Мағжан Жұлдызы.- 2009. -№30.- 3 бет.
2.Әбіл, Қ. Жыр алдаспанын жарқылдатқан: Ақын Ерік Асқаровтың өмірден озғанына да 41 күн толды/Қ. Әбіл// Егемен Қазақстан.- 2003.- 8 тамыз.- 8 бет.
3.Әкімжанов, З. Еліне еркелеген Ерік еді./ З. Әкімжанов// Мағжан Жұлдызы.- 2009.- 4.Естаева, Ә. Айтулы айтыскер ақын Ерік Асқаровтың туғанына 52 жыл/ Ә. Естаева// Мағжан Жұлдызы.- 2011.- №8.- 6 бет. №25.- 3 бет.
5.Оңай М. Дүйсекеде туған дүлдүл ақын/ М. Оңай// Мағжан Жұлдызы.- 2011.- №4.- 12 бет. 6.Райымбекұлы, М. «Ерік Асқаров мәңгілік Ғұмыр»/ М. Райымбекұлы// Мағжан Жұлдызы.- 2010.- №39.- 2 бет.
7.Рамазанова, С. Ер елінде, гүл жерінде.../ С. Рамазанова// Мағжан Жұлдызы.- 2010.- №7.- 2 бет.
8.Тұрғынов, Қ. Толқынға қарсы жүзген кеме еді/ Қ. Тұрғынов// Мағжан Жұлдызы.- 2010.- №7.- 1 бет.
9.Голосуйте за Ерика Аскарова// Неделя СК.- 1999.- 1 октября.- с.16

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий