Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы

19 июня 2012 - Администратор

 Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы
(11.02.1934 – 29.04.2006)

   Көкшетау облысының Қызылту ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылы) дүниеге келді. 1957 жылы Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
   Еңбек жолын «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында әдеби қызметкер болып бастады. 1960-64 жж. – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1964-68 жж. – «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында қызметкер, Қазақ КСР-і Әдебиет қорының қазақ бөлімінің директоры, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы (1988-1992).
   Жарты ғасырлық шығармашылық қызметінде Сәкен Жүнісов қазақ әдебиетін дамытуға зор үлес қосты. 1959 жылы қазақ тілінде алғашқы кітабы - «Сонарда» атты әңгімелер жинағы шықты. Одан кейін «Әжем мен емші және дерігер» жинағы (1961) және «Кімнің мекені жақсы» сурет-кітабы ( 1962) жарыққа шығады. «Жапандағы жалғыз үй» романы кезінде қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс ретінде бағаланды, роман орыс тілінде 1968 жылы «Жазушы» баспасынан, ал 2003 жылы (Ресейдегі Қазақстан жылы) Санкт-Петербург қаласында «Славия» баспасынан жарыққа шықты. «Ақан сері», «Заманай мен Аманай» романдары оқырмандар мен әдебиет сыншыларының жоғары бағасына ие болды.
   С.Жүнісов драматург ретінде де танымал. Ол 17 пьесаның авторы. «Өліара» пьесасы үшін оған 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Петропавлда 2009 жылы С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды драма театры театрының сахнасында «Қысылғаннан қыз болдық» және «Елім-ай» пьесалары қойылды. Оның көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Ол өзі Л.Толстой, С.Цвейг, О.Гончар және т.б. романдары мен әңгімелерін қазақ тіліне сәтті аударды. Әдебиет пен театр жөніндегі сыни зерттеулердің авторы.
Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. (1986).

Автордың шығармалары


1. Ахан-серэ: роман / С.Жунусов. – М.: Советский писатель, 1979.-
2. Бабушка и лекарь: Повесть, рассказы / С. Жунусов; Пер. с каз. Н. Оттена – Алма-Ата: Казгослитиздат, 1961.-с.158
3. Дом в степи: роман / Сакен Жунусов; Пер. с каз. Астана: Аударма, 2011. -480 с.
4. На охоте: Рассказы для детей / С. Жунусов. – Алма-Ата: Казгослитиздат, 1959. – 97 с.
5. Первое поле: Отр. Из романа «Дом в степи» / С. Жунусов; Пер. с каз. Н. Кузьмин // Сел. Хоз-во Казахстана. – 1967. - №11.-с. 62-63.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Гольбрайхт М. Сакен Жунусов: 70 лет пистателю // Книголюб.-2004.- №2. - С.18
Жунусов Сакен. Некролог // Казахстанская правда. – 2006. – 3 мая. –С.7
Нурмуканова Г.С. Нравственное величие Сакена Жунусова: 75 лет писателю // Северный Казахстан. – 2009. – 6 февраля. – С. 8
Писатели Казахстана: Справочник / Л. Золотова. – Алма-Ата: Жазуши, 1969.- Содерж: С.Жунусов.- с.139
Сакен Жунусов. Жизнь и бессмертие // Central Asia Monitor. – 2004. - №2. –С.18.
Шаханов Т. На первом плане – современность: [О писателе С. Жунусове] //Ленинская смена. -1966. -16 окт.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий