Шаймерденов Сафуан

19 июня 2012 - Администратор

 Шаймерденов Сафуан
(15.04.1922-2007)

   Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
   Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Амангелді ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
   1945 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, үздік бітірген.
   1943-49 жж. Солтүстік Қазақстан облыстық "Ленин туы" газетінде әдеби қызметкер, 1950-52 жж. "Лениншіл жас" газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі, 1952-55 жж. "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі, редакторының орынбасары, 1955-56 жж. "Қазақ әдебиеті" газеті редакторының орынбасары, 1956-60 жж. "Мәдениет және тұрмыс" журналының проза секциясының меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 1961-63 жж. Қазақстан     Жазушылар одағының хатшысы, 1971-76 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық коллегиясының бас редакторы болып істеді. 1976 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысты.
   1953 жылы С.Шаймерденовтың "Болашаққа жол" атты алғашқы романы жарыққа шықты, орыс тілінде "Инеш" деген атпен жарық көрді. (1958ж.)
   1964 жылы "Мезгіл" повесі, балаларға арналған "Жанар мен Данар" кітабы (1965ж.) жарық көрді.
  1966 жылы «Знакомый сосед», 1967 жылы "Қарғаш" атты повестер мен әңгімелер жинағы шықты. Оның "Ағалардың алақаны", "Әдеби толқындар" атты шығармалары Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Шаймерденов драматург ретінде де танымал. Оның «Дөкей келе жатыр», «Марғау үні» және т.б. пьесалары бар. Пьесалары бірқатар облыстық және республикалық театр сахналарында қойылды.
   Үнді әдебиетінің классигі Р.Тагордың "Күйреу" романы (1958) мен Л.Н.Толстойдың "Альберт" повесін (1965) қазақ тіліне аударды.
"Отан", "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған. Петропавл қаласының құрметті азаматы.
Әдеби сыйлықтары
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, Б.Майлин атындағы сыйлықтың, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.

Естелік орындар
Алматы қаласында мемориалдық тақта орнатылған.
Библиография
Автордың шығармалары


Шаймерденов Сафуан. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- А.: Жазушы, 1982- - 1-ші том: Роман, әңгімелер. - 448 бет., портр.
Шаймерденов Сафуан. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- А.: Жазушы, 1982- - 2-ші том: Повестер. портреттер. - 520 бет.
Шаймерденов Сафуан. Таңдамалы шығармалар жинағы: Үш томдық.- Алматы: Таймас, 2011- - Т.1. - 320 бет.
Шаймерденов Сафуан. Таңдамалы шығармалар жинағы: Үш томдық.- Алматы: Таймас, 2011- - Т.2. - 320 бет.
Шаймерденов Сафуан. Таңдамалы шығармалар жинағы: Үш томдық.- Алматы: Таймас, 2011- - Т.3. - 320 бет.
Шаймерденов Сафуан. Шығармалар жинағы: 4 томдық.- А.: Жазушы, 1996- - 1 том: Роман және пьесалар.- 1996.- 480 бет.
Шаймерденов Сафуан. Шығармалар жинағы: 4 томдық.- А.: Жазушы, 1996- - 2 том: Повестер, әңгімелер, пьесалар.-1997.- 528 бет.
Шаймерденов Сафуан. Шығармалар жинағы: 4 томдық.- А.: Жазушы, 1996- - 3 том: Пікірлер, ойлар, толғаныстар.- 1999.- 544 бет.
Шаймерденов Сафуан. Ағалардың алақаны: Повестер, әңгімелер, эсселер.- А.: Жазушы, 1990.- 400 бет.: портр.
Шаймерденов Сафуан. Битабар балуан: повестер.- А.: Атамұра, 2004.- 272 бет.-(Атамұра кітапханасы)
Шаймерденов Сафуан. Ағалардың алақаны: Повестер, әңгімелер, эсселер.- А.: Жазушы, 1990.- 400 бет.: портр.
Шаймерденов Сафуан. Дөкей келе жатыр: Пьесалар.- А.: Өнер, 1983.- 328 бет.
Шаймерденов Сафуан. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- А.: Жазушы, 1978 - - 1-ші том: Роман және повестер. - 392 бет., портр.
Шаймерденов Сафуан. Әнім сен едің: (Пьесалар жинағы).- А.: Жалын, 1976.- 176 бет.
Шаймерденов Сафуан. Жыл құсы: повестер.- А.: Жазушы, 1970.- 255 бет.
Шаймерденов Сафуан. Инеш / С.Шаймерденов. Қызылжар / М.Дәулетбаев: [Романы].- Алматы: Өнер, 2010.- 480 бет.-(Қазақтың 100 романы)
Шаймерденов Сафуан. Инеш: роман / пер. с каз. С. Никитина.- А.: Жазушы, 1969.- 282 с.
Шаймерденов Сафуан. Маргау: повесть / пер. с каз. Т. Золотухиной; [худож. С. Каржаубаева].- А.: Жалын, 1981.- 112 с.: ил.
Шаймерденов Сафуан. Мачеха: повести и рассказы: [пер.] / [ил. И. Кононова].- А.: Жазушы, 1966.- 195 с.: ил.
Шаймерденов Сафуан. Мәжнүн тал: Повесть және әңгімелер / Суретші Л. Тетенко.- А.: Жалын, 1980.- 112 бет.: суретті.
Шаймерденов Сафуан. Өмір нұры: повестер мен әңгімелер.- А.: Жазушы, 1972.- 455 бет.
Шаймерденов Сафуан. Перелетные птицы: Повести / Ред. Н.И. Голосовская.- Пер. с каз.- М.: Сов. писатель, 1984.- 400 с.
Шаймерденов Сафуан. Селдің екпіні: Повестер мен әңгімелер.- А.: Жазушы, 1977.- 216 бет.
Шаймерденов Сафуан. Маргау: Повесть / Ред. И. Аттаева, М. Жанузакова.- Пер. с каз. Т. Золотухиной.- А.: Жалын, 1981.- 112 с.
Шаймерденов Сафуан. Степной сокол: (повесть о Битабаре [Елбаеве] / пер. с каз. О. Саракташ; [худож. Р.М. Мусихина].- М.: Профиздат, 1979.- 176 с.: ил.
Шаймерденов Сафуан. Сыбызғы сазы.- А.: Қазақстан, 1971.- 96 бет.
Шаймерденов Сафуан. Хикаяттар.- Алматы: Арыс, 2010.- 320 бет.-(Алтын қалам).
Шаймерденов С. Өнердің бір түрі..: (Жерлестеріміздің шығармаларынан)// Қызылжар нұры.- 2005.-9 желтоқсан.-4 бет.
Шаймерденов С. Портреттер: (Мұқаңның үйі)// Қызылжар нұры.- 2005.-13 мамыр.-4 бет.
Шаймерденов С. Портреттер: (Шығарманың үзіндісі)// Қызылжар нұры.- 2005.-20 мамыр.-4 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Нұрекешова Гүлсім Рахметбековна. С.Шаймерденов повестерінің көркемдік сипаты: Автореферат: 10.01.02.- А., 2009.- 24 бет.

Шимырбаева Г. Писатель и гражданин: [В Алматы открыта мемориальная доска народному писателю Казахстана Сафуану Шаймерденову]//

Негимов.С.Сөз зергері. // Солтүстік Қазақстан. - 2017. - 13сәуір. - 11 б.elib.nklibrary.kz/коллекции/знаменитые-земляки/с-з-зергер.html

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий